Қорғалжын ауданында оқушылар мен студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойныша кездесу өтті

Қорғалжын ауданында оқушылар мен студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойныша кездесу өтті

Аудан прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдардың (полиция, білім беру, төтенше жағдайлар бөлімдері) өкілдерін тарта отырып, білім бөліміне қарасты оқушылар мен студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барасында кәмелетке толмағандардың арасындағы буллинг пен өз өзіне қол жұмсауға (суицид) алдын алуға,  жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздін, су айдындарындағы тәртіпті сақтауға және барлық құқықбұзушылықтарға нолдік төзімділік қағидатын ұстануға ерекше назар аударылды.

Барлық қатысушыларға қылмыстық құқық нормалары, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жауапкершілік, барлық түрдегі есірткі қылмыстары (темекі бұйымдарын барлық түрлерін қоса алғанда), сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары туралы түсіндірілді.

Ата-аналармнен мұғалімдерге балаларды және оларға сеніп тапсырылғандарды тәрбиелеу жөніндегі жауапкершіліктер туралы ескертілді.

Кездесу соңында білім алушыларды толғандырған мәселелер талқыланып, тиісті түсіндірк жұмыстары жүргізілді.  

#Заң_және_Тәртіп
                          

   Ақмола облысының прокуратурасы