«Рецедивтің алдын алу» жобасы аясындағы ведомствоаралық кеңес туралы

«Рецедивтің алдын алу» жобасы аясындағы ведомствоаралық кеңес туралы

«Рецедивтің алдын алу» жобасын іске асыру аясында сотталғандарды әлеуметтендіру және қылмыстың қайталануының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Отырысқа прокуратура, пробация қызметі, ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, онда оқыту, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ заңға қайшы келетін адамдар арасында профилактикалық жұмысты күшейту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру көзделген.

Өткізілген кездесу қауіпсіз және инклюзивті қоғам құруға бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды.

 

 

 #ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы