Атбасар ауданының прокуроры жұмыс кеңесін өткізді

Атбасар ауданының прокуроры жұмыс кеңесін өткізді

Атбасар ауданының прокуроры Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері қаралды.  

Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларды өткізу шеңберінде аудан прокуроры комиссия мүшелерімен қолайсыз жағдайдағы отбасыларға шығуды жүзеге асырды.

 

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

 Ақмола облысының прокуратурасы