
«Қайталанатын құқықбұзушылықтың алдын алу» жобасы аясында 15 сәуір күні ағымдағы жылы Зеренді ауданы полиция бөлімінің ғимаратында пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі есебінде тұрған адамдармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және есептегі адамдар арасында қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шараға аудан прокуратурасы, пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Кәсіптік бағдар беру орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Зеренді ауданының отбасыны қолдау және сүйемелдеу орталығы КММ директоры қатысты.
Сотталғандарға жұмысқа орналасуға көмек ұсынылды, түрлі ұйымдардағы бос жұмыс орындары ұсынылып, әртүрлі салаларда білім алу мен мамандық иесі болу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, сот үкімімен келтірілген залалды өтеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде 1 сотталған жұмысқа орналастырылып, 2 сотталған кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірді.
#Заң_мен_тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы