Бурабай ауданында жазаны ауыстыру туралы ашық сот отырысы өтті

Бурабай ауданында жазаны ауыстыру туралы ашық сот отырысы өтті

«Қылмыстардың қайталануын алдын алу» жобасы аясында, 2025 жылғы 14 сәуірде Бурабай аудандық сотының ғимаратында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды шақырумен ашық сот отырысы өтті.

Сот процесі пробациялық бақылау белгілене отырып, бұрын 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған сотталған азаматқа қатысты өтті.

Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін, сондай-ақ сот үкімімен тағайындалған міндеттерді орындамағаны үшін, Бурабай аудандық соты бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазаны 1 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырып, жазасын одан әрі өтеу үшін орташа қауіпсіз мекемені белгіледі. 

Бұл іс-шара сотталғандар арасында соттың белгіленген шектеулерді бұзуының, сондай-ақ қайталанатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіледі.

 #ЗАҢ_және_ТӘРТІП

 Ақмола облысының прокуратурасы