Тергеу изоляторының аумағында профилактикалық экскурсия жүргізілді

Тергеу изоляторының аумағында профилактикалық экскурсия жүргізілді

Қала прокуратурасымен «Қылмыстардың қайталануын алдын алу» жобасы аясында, Пробация қызметі мен Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 65 мекемесімен бірлесіп тергеу изоляторының аумағында қоғамнан оқшауланбай пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға, профилактикалық экскурсия жүргізілді.

Іс-шара барысында есептегі тұлғаларға, сотқа дейінгі қамауға алынғандар мен сотталғандарды ұстау жағдайлары, тергеу әрекеттері мен сот процестерін жүргізуге арналған үй-жайлар, карантиндік бөлім, шаруашылық қызметтегі жасақтың орналасқан жері көрсетілді.

Cотталған тұлғалар өзіне сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін туындайтын жауапкершілік туралы тағы да ескертілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы