ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ НЕМЕСЕ ҚАСАҚАНА ҚЫЛМЫС?

ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ НЕМЕСЕ ҚАСАҚАНА ҚЫЛМЫС?

Бурабай ауданында ағымдағы жылда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге байланысты құқықбұзушылықтардың 2024 жылға қарағанда айтарлықтай өсуі байқалуда.

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай қылмыстардың көпшілігі тұрмыстық жағдайда, отбасылық немесе басқа да жақын қарым-қатынастағы адамдар арасында жасалады.

Мысалы, Успеноюрьевка ауылының тұрғыны қызғаныш салдарынан өз жұбайына көптеген дене жарақатын салып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір жағдайда, Щучинск қаласының тұрғыны «балалық шақтағы досымен» бірге ішімдік ішіп отырып, жанжалға түсіп, оның іш қуысына пышақ жарақатын салған. Бұл да ауыр дене жарақатына әкеліп соқтырды.

Енді сотталған алдағы 3 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді.

Осыған байланысты аудан тұрғындарын қоғамға қауіпті мінез-құлық танытатын адамдарға немқұрайлы қарамауға, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне уақтылы хабар беруге шақырамыз.

  #Заң_және_Тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы