Зеренді ауданында ведомствоаралық мәжіліс өтті

Зеренді ауданында ведомствоаралық мәжіліс өтті

02.04.2025 жылы Зеренді ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің ғимаратында «Уәкілетті органдармен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде есірткі қылмыстары, кәмелетке толмағандар арасындағы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық құқық бұзушылықтың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі» тақырыбында мекемеаралық мәжіліс өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімі, мәслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімінің, аудандық жергілікті атқарушы және басқада мемлекеттік органдардың басшылары қатыстырылды.

Жалпы тіркелген қылмыстар саны 3 айымен салыстырғанда 11,7%-ға (34-тен 30-ға) төмендеген, басты міндет осы көрсеткішті ұстап және оның өсуіне жол бермеу болып табылады.

Жиналыстың қорытындысымен отбасылық-тұрмыстық саладағы, есепте тұрған тұлғалармен, жастар және кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейтуге және жұмыссыздықты азайтуға аса назар аудару туралы шешім қабылданған.

Мүдделі органдардың талқылауы мен ұсыныстарының нәтижелерімен аудан аумағында 2025 жылға арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар» бекіту қабылданды, барлық уәкілетті органдарға қылмысқа қарсы күрес және өзара іс-қимылды ұйымдастыру бағытында жұмысты жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

#Заң_және_тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы