Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілері бойынша жауакершілікке тартылды

Алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілері бойынша жауакершілікке тартылды

Шортанды ауданының прокуратурасының үйлестіруімен, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сату фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Тек бір тәулік ішінде осындай құқықбұзушылықтар ең көп тіркелген Жолымбет кентінде дүкен иелеріне қатысты 7 әкімшілік хаттама толтырылды.

Аудан прокуратурасы бұл жұмысты ауданның барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда. Прокуратура органдары кәсіпкерлерді заңнаманы қатаң сақтауға, ал тұрғындарды – заңбұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.

  #Заң_және_Тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы