Зеренді ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қатысты түнгі рейд өткізілді

Зеренді ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қатысты түнгі рейд өткізілді

Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес аудандық пробация қызметі, полиция және білім бөлімдерімен бірлесіп бұрын сотты болғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд ұйымдастырылды.

Бұл шаралар пробация есебінде заң талаптарын сақтандыруға, ынталантыруына, сонымен қатар қайта қылмыс жасауын азайтуға бағыталған.

Тексеру барысында сотталғандарға жаңа қылмыстық құқықбұзушылықтардың,  әкімшілік салдары, сондай-ақ сот үкімі бойынша жүктелген міндеттемелерді орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы 6 адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасының бастамасымен пробация қызметі бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа 2 ұсыныс енгізді.

#Заң_және_тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы