Жарқайың ауданының соты мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтері өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, ақшалай қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін айыптау үкімін шығарды.
Сот үкімімен оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, сот азаматтық талапты қанағаттандырды: сотталғаннан кәсіпорынның пайдасына келтірілген залал 240 млн теңгеден астам өндірілді.
Прокуратура жасаған қылмыстары үшін жазаның сөзсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
#Заң_және_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы