Егіндікөл ауданы прокуратурасының талдауымен «Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның 49 қызметкерінің алдында жалпы сомасы 5,6 млн теңгеден аса жалақы берешегі қалыптасқаны анықталған.
Қадағалау актісі бойынша қарыз берешегі толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпорын қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы