Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі бұйрығымен Батырбек Слямов Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Батырбек Еркімбекұлы Слямов 1985 жылы дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2006 жылы бастаған.
Әр уақытта Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы прокуратурасы бөлімінінің бастығы, «Алматы» ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент Басқармасының прокуроры лауазымында қызмет атқарды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Ақмола облысының прокуратурасы