Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен инвестордың құқықтары қорғалды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен инвестордың құқықтары қорғалды

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бурабай ауданының прокуратурасымен өңір экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар белсенді сүйемелденеді.

Осылайша, аудан прокуратурасына «Минеральные источники» ЖШС-ның директоры жүгініп, аудан әкімдігінің инвестиция соммасы 5 млрд теңгеден асатын «Бөтелкедегі ауыз су өндіру зауытының құрылысы» жобасын іске асыру үшін жер учаскелерін жалға беруден бас тартуымен келіспейтінін жеткізді.

Инвестор Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіліп, барлық қажетті рұқсат құжаттарын алып, жер учаскелерін беру үшін әкімдікке жүгінген. Алайда, бір айдан астам уақыт бойы жергілікті атқарушы органдар құжаттардың толық еместігіне сілтеме жасай отырып, учаскелерді беруден бас тартып келген.

Деректерді зерделеу нәтижесінде бас тартулардың негізсіз екендігі анықталды, өйткені ЖАО жер учаскелерін беруге қатысты өзге Ережені басшылыққа алып келген.

Нәтижесінде қадағалау актісі бойынша бас тартулар заңсыз деп танылды, инвесторға жобаны іске асыру үшін ауданы 7 га құрайтын 2 учаскі берілді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қадағалау шараларымен инвестордың құқықтары қорғалды.

#Заң_және_тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы