Облыс прокуратурасының бастамасымен Ерейментау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан аумағында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігіне қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысып, сондай-ақ 50 оқушы бірлестік қатарына қосылды.
Жобаның мақсаты-балаларға өмірлік құндылықтарды, аға буынға құрметті, патриотизмді, этикет ережелерін үйрету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
#заң_және_тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы