Қытайдан келген арзан тауарлар: Қосшы қаласының азаматшасы жергілікті тұрғындарды алдады

Қытайдан келген арзан тауарлар: Қосшы қаласының азаматшасы жергілікті тұрғындарды алдады

Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тауарларды (тұтыну тауарларын) жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 млн астам қаражатын иемденді. 

 

Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде азаматша көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды төмен нарықтық бағамен жарнамалады. Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

 

Косшы қалалық сотының үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енді).

 

Азаматтарды онлайн транзакциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырамыз.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақмола облысының прокуратурасы