Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорынның 2023-2024 жылдар бойы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей (веб-порталдан тыс, қағаз жеткізгіште) шарттарды заңсыз жасағаны анықталды.
Атап айтқанда, қазандықтарды тексеруге, мұнай өнімдері мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға, сондай-ақ арнайы техниканы жалға алуға жалпы сомасы 9,2 млн теңгеге 7 шарт анықталды.
Осы тәсілмен шарттар жасасу камералдық бақылауды айналып өту, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді бермеу құралы болып табылады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы