Есіл ауданының прокуратурасы аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан бастап 6 нозология бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілмеген.
Қадағалау актісі бойынша диспансерлік есепте тұрған 2 350 адамға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар аудандық ауруханаға жеткізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы