Бүгінгі таңда, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Осылайша, Ерейментау ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегі анықталды.
17.10.2024ж. аудандық соттың қаулысымен, жеке кәсіпкер алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғандығы үшін (ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі) кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және лицензиясының қолданысын тоқтату түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.
Алайда, талдау барысында полиция қызметкерлерімен ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 15-тармағын бұзыла отырып, уәкілетті органда кәсіпкерге қатысты тексеруді тіркемегендігі анықталды.
Бұл ретте, аудан прокуратурасымен жеке кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында облыс сотының апелляциялық сатысына өтінішхат енгізілді.
Қарау нәтижесінде прокуратурамен енгізілген өтінішхат қанағаттандырылып, аудан сотының заңсыз қаулысының күші жойылды.
Ерейментау аудандық прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мобильді топ жұмыс атқарып жатқандығын еске саламыз, құқық бұзылған жағдайда, келесі байланыс телефондары арқылы хабарлаңыз: 8(71633) 2-20-03 және 8 701 120 27 84.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы