2024 жылғы 2 желтоқсанда Аршалы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, жедел іс-шаралардың нәтижесінде Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен Аршалы кентінің №2 мекемесінің аумағында азамат ұсталды, одан есірткі заттары мен ұялы телефондар табылып, тәркіленді.
Қаскүнем мекеме аумағына есірткі заты бар 9 полиэтилен пакетті, сондай-ақ 3 ұялы телефон мен 3 сим картасын заңсыз алып өтпек болған.
Күдіктіге қатысты есiрткi заттардың заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Күдіктіге жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында есірткі жеткізу арналарын анықтау және оған қатысы бар адамдарды әшкерелеу шаралары жүргізілуде.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік
#Нашақорлыққа_жол_жоқ
Ақмола облысының прокуратурасы