Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен Қаражар ауылының тұрғындары үшін кіреберіс жолы қалпына келтірілді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен Қаражар ауылының тұрғындары үшін кіреберіс жолы қалпына келтірілді

Биылғы жылдың көктемінде қардың қатты еруі мен еріген судың көп түсуінен Бурабай ауданы Қаражар ауылының кіре берісіндегі су өткізгіш құбырды су шайып кеткен болатын.

Соның салдарынан жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар да көктемде өзеннен жаяу өтуге мәжбүр болып, денсаулығы мен өміріне қауіп төнді.

Бурабай ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша аудан әкімідігімен «Жолды орташа жөндеу» бойынша техникалық құжаттама әзірленіп және осы жылдың 3 қыркүйегінде мердігер ұйыммен келісім жасалды.

Жоба аясында диаметрі 1500 мм құрайтын бес темірбетонды су өткізгіш құбырды орнату жұмыстары жүргізіліп, жол төсемі қалпына келтірілді.

Осылайша, қадағалау шаралары нәтижесінде тұрғындар (261) үшін көліктердің кедергісіз өтуі қамтамассыз етілді.

 

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы