Степногорск қаласының прокуратурасы 84 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізу фактісін анықтады

Степногорск қаласының прокуратурасы 84 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды заңсыз өткізу фактісін анықтады

Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 млн теңге сомасына жылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды.

 

Атап айтқанда, жұмыстарды жасау жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну (сметалық құжаттаманың болмауы) бұзушылықтары орын алған.

 

Қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды, бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды, сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

 

Орын алған бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақмола облысының прокуратурасы