Қосшы қаласының прокуратурасымен «Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК жұмысын талдау барысында жеткізілген тауарлар үшін келісімшарттар бойынша бір ай ішінде төленуге жататын ақшалай қаражатты жарты жылдан астам уақыт бойы төлемеу түрінде 92 кәсіпкердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бүгінгі күні 15 бизнес субьектісіне 4,5 млн теңгелік берешек төленді. Қалған кәсіпкерлерге берешек бір ай ішінде төленетін болады.
Бұл бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының бақылауында.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы