Жақсы ауданының прокуратурасымен жалпы білім беру мектептеріне 52 млн теңге көлемінде көмір жеткізбеу фактісі анықталды.
Осылайша, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік орган тауар тасымалдаушымен 140 млн теңгені құрайтын көлемі 8 мың тонна көмірді сатып алу туралы шарт жасасты.
Алайда мемлекеттік орган мердігер мекемеге 52 млн теңге құрайтын тауарларды жеткізілмегеніне қарамастан, актілерге қол қойған.
Қадағалау актісімен кінәлі тұлғалар қызметінен босатылып, мердігер келісім-шарттың толық орындалуын қамтамасыз етті.
Осылайша, прокуратураның шараларымен аудан мектептерінде жылыту маусымының бұзылуына жол берілмеді.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы