
29 қараша күні Ақмола облысында «ЖАС ҰРПАҚ» жобасының басталуына арналған форум өтті. Жаңа жоба 4-11 сынып оқушыларын қамтиды және патриотизмді, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған.
Іс-шараға облыс прокуроры Руфат Құттыков, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, полиция департаментінің және облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары қатысты. Форум барысында 40 оқушы жобаның алғашқы қатысушылары атанды.
Жоба аясында оқушыларға қауіпсіздік негіздері, этикет, қаржылық сауаттылық, үлкендерге құрмет және патриоттық құндылықтар бойынша білім беріледі.
Сонымен қатар, жоба "Заң және тәртіп" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Алдағы уақытта жоба бүкіл облысқа кеңейтіліп, жаңа қатысушылар тартылады деп жоспарлануда. Бұл бастама белсенді, жауапты және мәдениетті жастарды тәрбиелеуде маңызды қадам болмақ.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы