Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Көкшетау қаласы прокуратурасының принципиалды ұстанымы  нәтижесінде бұрын қалалық полиция тоқтатқан жас қыздың асылып өзін-өзі өлтіруіне қатысты қылмыстық іс қайта жалғасты.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды.

Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйеліне физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді.

Күдіктінің әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды.

ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

14.10.2024 жылы күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы