Бурабай ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сотпен сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.
Белгілі болғандай, сотталған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу кезінде электронды бақылау құралын рұқсатсыз кесіп, мінез-құлқы туралы есеп беру үшін ай сайын тіркелуге келмеген, сондай-ақ ол пробация қызметінің инспекторына жұмысқа орналасқанын айтып жаңылыстырып келген.
Алдағы уақытта сотталған енді қалған мерзімін бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді.
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы