Облыс прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.
Уәкілетті орган азаматтардың жекелеген санаттарының жоғары технологиялы медициналық қызметтерді алу үшін ел ішінде жол жүру ақысын төлеу құқығын бұзғаны анықталды.
Мысалы, Көкшетау қаласының тұрғынына емделу орнына жүру үшін 40 мың. теңге көлемінде қосымша ақша төленбеген.
Барлығы 73 азаматтың 1 млн теңгеден астам сомаға құқықтарының бұзылғандығы анықталды.
Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қазіргі уақытта төленбеген қаражатты төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақмола облысының прокуратурасы