Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды.
«Ясли сад Балбобек» МКҚК-ның жалпы сомасы 5 млн теңгені құрайтын жалақы берешегі мен әлеуметтік және жеке табыс салығы төленбегені анықталған.
Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, кәсіпорынның 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы