Бурабай ауданының прокурорлары 400 астам үлескердің құқтарын қорғады

Бурабай ауданының прокурорлары 400 астам үлескердің құқтарын қорғады

Ақылбай ауылының тұрғындары «E-A» ЖШС басшылығының шартты жер үлестерін иеліктен шығару жөніндегі әрекеттерімен келіспейтіндігі туралы үндеумен Бурабай аудандық прокуратурасына жүгінді.

Серіктестік қаржы ұйымына берешегін өтеу үшін шартты жер үлестерінен тұратын 10 494 га жерді пайдалану құқығын жүзеге асырғаны анықталды.

Материалдарды зерделеу барысында даулы жер телімі серіктестік үлескерлердің келісімінсіз, еншілес компаниямен арзандатылған бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.

Аудан прокуратурасының талап арызы бойынша Ақмола облыстық сотының сот алқасының қаулысымен жерді сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылып, үлестік жерлер серіктестікке қайтарылды.

Осылайша, 422 үлескердің шартты жер үлестеріне қатысты құқықтары қалпына келтірілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы