Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Аудан прокуратурасына кәсіпкер Ерейментау аудандық ауруханасы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауар жеткізгені үшін ақы төлемеу мәселесі бойынша жүгінді.

Кәсіпкермен аудандық ауруханасы арасында жалпы сомасы 518 мың теңгеге 3 дана «эластотонометрді» (көзішілік қысымды анықтау үшін индикаторы) жеткізуге мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталатын, Серіктестік Кәсіпорынмен қабылдаған тауарды жіберді, сол арқылы Серіктестік тауарды жеткізгені бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпкерге көрсетілген сома толық көлемде төленді. 

 

Ақмола облысының прокуратурасы