Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау ма әлде басқа нәрсе ме?

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау ма әлде басқа нәрсе ме?

Қазан айының басында Аршалы ауданының бір ауылында 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған А.-ның өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған денесі табылды.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған А. өз-өзіне қол жұмсаудың алдында интернетте алты түрлі түйіндер туралы материалды және қайта туылу туралы манхва - нұсқаулығын қараған.

Манхва – бұл Оңтүстік Кореяда кеңінен танымал комикс, ол корей мәдениетін, дәстүрлерін және ойлау тәсілін бейнелейді.

Манхваның қайта туылумен байланысы - бұл концепция кейіпкерлерге жаңа денеде, ұқсас әлемде немесе өткен өмірінде қайтадан өмір сүру мүмкіндігін насихаттайды.

Who Made Me a Princess манхвасындағы кейіпкер романдағы ханшайымның денесінде қайта туылады және өзінің қайғылы тағдырын болдырмау үшін оны өзгертуге тырысады.

Бүгінгі күні сарапшылар адамның мінез-құлқына 25-ші кадр теориясының ықтимал әсерін зерттеп жатыр, бұл теория қандай да бір әрекеттер жасауға мәжбүр етуі мүмкін.

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау белгілерінің болуына байланысты 2024 жылдың 8 қазанында Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Қылмыстық істі тергеу арнайы прокурорға тапсырылып, тергеу барысы бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналарды (қамқоршыларды) балалардың гаджеттерді пайдалануын бақылауға шақырамыз, тек пайдалану уақытын шектеу ғана емес, сұраулардың тақырыбын да тексеру маңызды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы