Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдауы бойынша жергілікті атқарушы органның жыл сайын әлеуметтік көмек алған азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғанын анықтады.
Осылайша, қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, жергілікті атқарушы органның 2020 жылдан бастап 2023 жыл аралығында айлық есептік көрсеткіштің өзгерістері ескерілмей, қатерлі дертке шалдыққан, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және әлеуметтік қолдауға мұқтаж басқа да азаматтарға төлем жасалған. Бұл азаматтардың заңда белгіленген мөлшерде оларға қажетті әлеуметтік көмекті ала алмауына алып келді.
Прокурорлық қадағалау шараларымен қосымша 890 мың теңгеге жуық қаражат төлеу арқылы 400-ден астам әлеуметтік-осал азаматтардың, конституциялық құқықтары қорғалып, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының прокуратурасы