Есіл ауданы прокуратурасымен "Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту орталығы" КММ қызметінде жүргізілген талдаумен адамды жалған жұмысқа орналастыру және қызметкерлерге іс сапар шығындарын негізсіз төлеу фактілері анықталды.
Мысалы, орталық директоры 2024 жылдың басынан бастап әдіскер лауазымына өзінің еңбек қызметін іс жүзінде жүзеге асырмаған (басқа жеке ұйымда 0,5 мөлшерлемемен жұмыс істеген) жеке тұлғаны жұмысқа орналастырған.
Сонымен қатар, орталық директоры іс сапарға шықпаған қызметкерлерге іс сапар шығындарын заңсыз төлеу фактілеріне жол берді.
Қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге іс сапар шығыстарының негізсіз төлемдері бюджетке толық көлемде өтеліп, қазіргі уақытта заңсыз төленген жалақыны қайтару жүзеге асырылуда.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, прокурорға жүргізілген талдаудың мәні бойынша көрінеу жалған айғақтар бергені үшін орталық директоры мен әдіскер ӘҚБтК 665-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (айыппұлдар төленді).
Ақмола облысының прокуратурасы