Жақсы ауданының тұрғындары Ақмола облысының прокурорына арызданғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

Жақсы ауданының тұрғындары Ақмола облысының прокурорына арызданғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

15.07.2024 жылы облыс прокуроры Руфат Құттыков Жақсы ауданынына іс-сапарымен келіп, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Атап айтқанда, жеке қабылдауда аудан тұрғындары «Жақсы-Чистополье» тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, төмен сапалы айналма жолдың мәселесі бойынша наразылығын білдірді (жаңбырдың салдарынан, көктемгі су тасқынынан айналма жолмен жүру мүмкін емес).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер айналма жолды қиыршық тас материалымен қосымша толтырып, жолды тегістеу (түзелеу) жұмыстарын жүргізді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы