Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Бизнес пен инвесторларды қорғау - прокуратураның міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта әрбір прокуратурада бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді.

Мәселен, облыс прокуратурасының мобильді тобының байланыс орталығына уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына қатысты «Агро Крестьянский Двор» ЖШС сигналы келіп түскен.

Мемлекеттік орган 9 ай бойы 100 миллион теңгеден астам сомаға жобаны жүзеге асыруға қажетті су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеуге рұқсат бермегені анықталды.

Бұл ретте сигнал аясында тағы 19 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарының осындай бұзылуы анықталды.

Облыстық прокуратураның жедел араласуынан кейін 3 күн ішінде рұқсат беру құжатының жобасы пысықталып, Әділет департаментінің көмегімен тіркелді.

Осылайша 20 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Қазіргі уақытта қадағалау актісі бойынша кінәлілерді жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Ақмола облысының прокуратурасы