Астрахан ауданының прокуратурасы ауданның мемлекеттік мекемесінде 92 қызметкер алдында жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге жұмыс ақысы үшін берешек қалыптасқанын анықтады.
Сонымен қоса 31 қызметкерге 3,3 млн теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлемдер төленбеген.
Қадағалау ақтісі бойынша қарыздар толық көлемде өтелді, мемлекеттік мекеменің басшысы және әкімнің орынбасары жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы