Целиноград ауданы прокуратурасының актісімен 357 млн теңгеден астам бюджет шығынының жолы кесілді

Целиноград ауданы прокуратурасының актісімен 357 млн теңгеден астам бюджет шығынының жолы кесілді
Целиноград ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасынсақтаумәселесібойыншажергіліктіатқарушыоргандардың
қызметіндегі талдау нәтижелері бойынша веб-порталда Ақмола облысының
Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мен Талапкер
ауылында және Нұрлы КҚ-да электрмен жабдықтау құрылысы бойынша
инжинирингтік қызметтерді сатып алу туралы ашық конкурстар бойынша
жалпы сомасы 357 млн теңгеден астам 3 хабарландыру орналастырғанын
анықтады.
Алайда, Тапсырыс беруші объектінің жауапкершілік деңгейін дұрыс
анықтамады. Жобада техникалық жағынан күрделі объектілерді салу үшін
жобаны басқару бойынша инженерлік қызметтер көрсетілген, ал жоғарыда
аталған жұмыс жобаларын әзірлеушілер техникалық жағынан күрделі емес
жауапкершіліктің II деңгейін белгіледі.
Акт бойынша жоғарыда көрсетілген жалпы сомасы 357 млн теңгеден
астам сатып алулардың күшіжойылды, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік
жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы