Су тасқынының зардаптарын жою тұрақты бақылауда- Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов

Су тасқынының зардаптарын жою тұрақты бақылауда- Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов

Елімізде су тасқыны басталғаннан бері Бас Прокурор Берік Асылов облыс прокурорларына су тасқынының зардаптарын жою, сондай-ақ келтірілген шығынды өтеу және зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

2024 жылғы 4 маусымда Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов Бұланды ауданына жұмыс сапары барысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді, атап айтқанда Иванковка, Капитоновка, Журавлевка және Вознесенка ауылдарын аралады.

Су басқан аймақтарда облыс прокуроры жергілікті тұрғындармен кездесіп, зардап шеккендерге салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ауданда барлығы 117 тұрғын үй салу жоспарлануда, жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың тамыз айында күтілуде.

 Содан кейін аудан әкімдігінде облыс прокурорының төрағалығымен ауданның мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өңірдегі қылмыстық ахуал, су тасқынының зардаптарын жою және т.б. мәселелер талқыланды.

Руфат Бауыржанұлы су тасқынының зардаптарын жою, зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсету шаралары, сондай-ақ залалды өтеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй-жайларды уақтылы және сапалы салу мәселелері облыс  прокурорының жеке бақылауында екенін атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында облыс прокуроры азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізді. Арызданушылардың жекелеген сұрақтары облыс прокурорының бақылауына алынды.

Ақмола облысының прокуратурасы