Көкшетау қаласы прокуратурасының қабылданған шараларымен баланың құқықтары қорғалды

Көкшетау қаласы прокуратурасының қабылданған шараларымен баланың құқықтары қорғалды

Балалардың денсаулығы мен білім алуына конституциялық құқықтарын қорғау мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Көкшетау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді.  Осы тексеру қорытындысы бойынша қорғаншылықтағы 9 жасар қыздың ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағаны және қажетті медициналық көмек алмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта қыз бала көптеген аурулармен «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға орналастырылды, қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.

Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдауда.

Ақмола облысының прокуратурасы