Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекет басшысы азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.

Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерге және бақылаудың өзге де нысандарына байланысты түрлі мәселелерге тап болады.

Кең таралған мәселелердің бірі мемлекеттік органдардың тексеру іс-шараларын Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын өрескел бұза отырып жүргізуі болып табылады.

Осы жылдың өзінде ғана прокурорлар санитарлық–эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтың 4 фактісін анықтады.

Мысалы, «МАСТ» ЖШС қатысты Степногорск қаласының СЭББ лауазымды тұлғасымен тексеру заңда белгіленген мерзімдерден асып жүргізілген (Кодекстің 151-бабының талаптары), яғни 19 күннің орнына тексеру 22 күнге созылған.

Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылды.

Осыған ұқсас бұзушылықтар бойынша тағы 3 тексеру заңсыз деп танылды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша заңсыз тексерулерді жүзеге асырған 4 лауазымды тартылды әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлердің құқықтарын өрескел бұзудың 23 фактісі анықталды (заңсыз тексерулер – 21, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу - 2).

Қадағалау актілері бойынша тексерулер олардың нәтижелерінің күшін жоя отырып, заңсыз деп танылды, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, ал кінәлі адамдар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.

Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) мәселелі сұрақтар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі +77051291140).

Ақмола облысының прокуратурасы