Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

А.ж. 30 сәуірде Ақмола облысы прокуратурасында ішкі істер органдарының қызметіне енгізілген цифрлық шешімдердің тиімділігіне талдау жүргізу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, облыс прокуратурасы мен полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Комитет төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев қатысушылардың назарына "Талдау орталығы" ақпараттық жүйесінің жаңа функционалы -"Күшейтілген профилактика шараларын талап ететін тұлғалар тізілімі" таныстырылды.