Степногорск қала прокуратурасымен автокөлікті ұрлау фактісі анықталды

Степногорск қала прокуратурасымен автокөлікті ұрлау фактісі анықталды

Степногорск қаласының прокуратурасы сот актісін зерделеу барысында ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену фактісін анықтады.

06.01.2024 ж. мас күйінде көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ азамат «А»  көлікті басқарғаны анықталды.

Степногорск қалалық сотының қаулысымен осы азаматқа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес 15 тәулікке қамаққа алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Прокурор сот актісінің заңдылығын зерделеу кезінде көліктің құқық бұзушыға тиесілі емес екенін анықтады.

Қала прокуратурасымен автомобильды құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сиымсыз иеленіп алу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.   

Ақмола облысының прокуратурасы