Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Көкшетауда «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты.

«И» және «X» азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, «energyeolus.info» платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 млн теңгені құрады.

Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардын кінәсін, және де мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

Сот үкімімен «И» және «X» азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады! 

«Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Ақмола облысының прокуратурасы