Ақмола облысында прокуратураның шараларымен мемлекет кірісіне 75 млн теңге көлемінде сома өндірілді

Ақмола облысында прокуратураның шараларымен мемлекет кірісіне 75 млн теңге көлемінде сома өндірілді

Көкшетау қаласы прокуратурасымен заңдылықтың жай-күйіне және мемлекет кірісіне сомаларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша қабылданған шаралардың толықтығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекет кірісіне 75 млн.теңге өндірілді.

ЖШС-ке қатысты 2023 жылдың мамыр айында қозғалған атқарушылық іс бойынша аталған кәсіпорынның атында өндірілмеген алынбаған 2 жер учаскесі тіркелгені анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін аталған учаскелер сауда-саттыққа қойылып, 75 млн теңгеге сатылған. Осылайша, мемлекет кірісіне қарыз өндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы