Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленді

Бурабай ауданының прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарау барысында «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактісін анықтады.

Кәсіпорынның 2024 жылдың қаңтар айында уәкілетті органның еңбекақы қоры туралы жинағын бекітпеуіне байланысты 205 қызметкерге 26 784 770 теңге көлемінде жалақы берешегі бар екендігі анықталды.

 Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы басқармасы «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры туралы жинағын бекітті, ағымдағы жылғы жалақы 10%-ға өсті және толық көлемде төленді, жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қадағалау шараларымен Кәсіпорынның 205 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Ақмола облысының прокуратурасы