Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды.
Бұл адамдар бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, түнде қораларға, қашаларға кіріп, малды ұрлап жүргені анықталды. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.
Аудандық сот бұл тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, ол екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.
Мал ұрлығы ауылдық мекендер үшін бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады және оған қарсы облыстың барлық құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылған.
Ақмола облысының прокуратурасы