Көкшетау қала прокуратурасы футбол клубының қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады

Көкшетау қала прокуратурасы футбол клубының қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады

Прокуратура органдары жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасын сақталуына ерекше көңіл бөледі.

Қадағалау қызметі барысында Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» Футбол клубы ШЖҚ МКК-да жалпы сомасы 425 млн. теңгеге 160 қызметкерге жалақы берешегі бар екені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтелді, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы