Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға (ӘҚБтК-нің 608-б. 6-б.) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотта қарау барысында, қатысушы прокурор бұл адамның сот үкімімен көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаның анықтады.
Осылайша, құқық бұзушының іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы байқалды.
Прокурордың өтінішхаты бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі тоқтатылды.
Тексеру материалдары аудандық прокуратураның қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабына тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін Бурабай аудандық полиция бөліміне жолданды.
Бурабай аудандық сотының үкімімен бұл азамат көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
Ақмола облысының прокуратурасы