
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсартуға арналған Жол картасы шеңберінде Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіру шараларымен 05.03.2024 ж. бас бостандығынан айырылған сотталғандарды белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту үшін («Еңбек-Аршалы» РМК) ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағындағы ірі өнеркәсіптік кешен ЖШС «Новопек» келісім-шарт жасалды.
Жасалған келісім аясында колонияға қаптар тігу бойынша өндірістік машиналар берілді.
Сонымен қатар, Ақмола облысының Гранитный кентіндегі колонияда аталған мекеме өкілдерімен өнімдерді тігу бойынша өндіріс көрсетілді, онда қазірдің өзінде 30-дан астам сотталған жұмыс істейді және өндіріс көлемін ұлғайту, соның ішінде қосымша цех ашу жоспарлануда.
Көрсетілген ұйымдастыру шаралары сотталғандарды түзетуге және жаңа дағдыларды игеруіне, сондай-ақ олар келтірген залалдың орнын толтыруға жағдай жасайды.
Жұмыс кездесуі барысында облыс прокуратурасы сотталғандардың өндірістік қауіпсіздігі мен еңбек құқықтарына ерекше назар аударды.
Ақмола облысының прокуратурасы